$503.05 €542.99 ₽5.98
×

Қазақстан ТМД елдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы келісімді ратификациялады

AstanaTV
01.04.2025ж. 19:21
133
Қазақстан ТМД елдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы келісімді ратификациялады

Мемлекет басшысы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, Сенаттың жалпы отырысында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды.

Бұл келісімге 2022 жылғы 14 қазанда Астана қаласында Армения, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Қазақстан басшылары қол қойды.

Құжат мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастықты қамтиды: сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзу деректері туралы істер бойынша жәрдем көрсету, бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған адамдарды ұстау әрі беру, сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді іздестіруді және қайтаруды жүзеге асыру, арнайы ақпараттық жүйелерді құру мен пайдалану.