$503.05 €542.99 ₽5.98
×

Түркиядағы митингке байланысты Динара Сәтжан өзінің той көйлегін киіп көре алмай қалған

AstanaTV
01.04.2025ж. 21:29
204
Түркиядағы митингке байланысты Динара Сәтжан өзінің той көйлегін киіп көре алмай қалған

Жуырда тұрмыс құрған журналист, блогер, кәсіпкер Динара Сәтжан тойына киетін көйлекті қазір Ыстамбұлда жүрген дизайнер Наиль Байкүшіковке тіктірмек, деп жазады Azattyq Rýhy.

Өткен аптада Түркияға барған Динара Сәтжан сол елде Ыстамбұл қаласының мэрі, оппозициялық саясаткер Экрем Имамоглудың қамалуына байланысты басталған митингке байланысты Динара өзіне арнайы тігіп жатқан ақ көйлекті көре алмай қалған. Наильдің айтуынша, Түркияда аяқ асты басталған митинг кезінде ұялы байланыс пен интернет бұғатталып қалған.

«Динара Ыстамбұлға небары бірнеше күнге ұшып келген болатын. Әрине, біз кездесіп, күліп- ойнап, дәмді кешкі ас іштік. Келесі күні біз кофе ішу үшін кездестік, сол кезде Динара «маған той көйлегі керек» деді. Мен бұған қатты қуандым. Динара менің музам болғандықтан, мен бірден жұмысқа кірістім. Сол күні түнде отыра қалып, Динараға той көйлегін тіге бастадым. Келесі күні Динара көйлекті киіп көруі керек еді. Бірақ ертеңінде Түркияда митинг басталып, байланыс жоғалатынын екеуміз де білген жоқ едік», - дейді ол.

Наильдің айтуынша, митинг басталғанда Ыстамбұлда интернет пен ұялы байланыс бұғатталған. Тек сол күні кешке таман ғана байланыс ақырын қалпына келе бастағанымен, Динара әуежайға кетіп қалған екен.

«Сондықтан, ол менің түнімен тіккен көйлегімді киіп көре алмады. Бірақ мен Динараның көйлегін әлі тігіп жатырмын. Сондықтан, жуық арада біз Динара тойына киетін әдемі көйлегін көреміз деген үміттемін», - деді ол.