$503.05 €542.99 ₽5.98
×

Таиландта қазақстандық туристер мінген катер жарылды: мән-жай белгілі болды

AstanaTV
01.04.2025ж. 23:33
193
Таиландта қазақстандық туристер мінген катер жарылды: мән-жай белгілі болды

Пхукет провинциясының Майтон аралы маңында Қазақстан мен Ресейдің туристері мінген катер жарылды. "Туристік қамқор" корпоративтік қоры өкілі мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Қор мәліметінше, апат болған катер серуендеуге арналған. Туристер Пхукеттен Майтон аралына шыққан.

"Олар мөлдір таза суда шомылуға шыққан. Түскі асқа дайындық жүріп жатқанда, барлығы жүзіп жүрген, сол кезде жарылыс болды. Сондықтан зардап шеккендер жоқ", - деді қор өкілі.

Сондай-ақ, қор өкілдері бортта Қазақстанның екі азаматы болғанын мәлімдеді. Екі турист те зардап шеккен жоқ.