Ақтөбеде Қазақ-Орыс халықаралық университетінен шу шықты. Университет басшылығы бір күнде 350 студентті оқудан шығарып жіберген. Екінші, үшінші курсты тәмамдауына екі ай уақыт қалғанда қаңғып қалған жастар енді не істерлерін білмей дал болып отыр.
Қазақ-Орыс Халықаралық университетінде екі мыңнан астам студент оқиды. Олар 17 мамандық бойынша білім алуда. Ал наурыз айының соңында білім ордасының студенттері төбесінен жай түскендей жаңалық естіген. 350 адамды оқудан шығарып жіберген.
ДИНАРА БЕКМУРЗИНА, АТА-АНА:
Бізге ескертусіз дымсыз оқуден шығарып жіберді. Оны біз бір жеті бұрын естідік. Үшінші курс Біздің сұрайтынымыз хотя бы осы жылды аяқтауға юізге мүмкіндік берсін. Обал ғой қанша ата-ана оқушы.
ҚҰРАЛАЙ ҚҰРМАН, 2 КУРС СТУДЕНТІ:
Сабаққа келмеген деген себеппен оқуден шығарып отыр. Негізі менде қашықтықтан оқу, дистанционное обучение. Платон платформасымен сабағымды жауып солай онлайн үйде отырып оқып отырған адаммын. Оқудың ақшасы бәрі төленіп тұр. Бірақ оқудан шығарып жіберді.
Білім ордасы өкілінің айтуынша ақпан-наурыз айында университетте тексеру жүргізілген. 350 студент сабаққа белгісіз себептермен 40 сағаттан артық қатыспағандықтан ректордың бұйрығымен оқудан шығарылған.
АҚНҰР ҚӘДІРБЕК, ҚАЗАҚ-ОРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Оның 91 білім алушысы оқу ақысын төлемеген, қалған 259 студент сабаққа мүлдем қатыспаған студенттер. Дистанционный дегенде білесіз ғой міндетті түрде университетпен байланыс болу керек. Яғни ол студенттер университетпен ешқандай байланыста болмаған.
Университеттен жаппай студенттердің оқудан шығару фактісі бойынша студенттер мен ата-аналарымен кездесуге облыс әкімінің орынбасары да келді.
ЖОЛДАС БАТЫРХАН, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ата-аналар, студенттермен кездесу барысында қолдарында келісім шарттары бар.соның аясында сотқа жүгіну қажеттілігі түсіндірілді. Әрі қарай мәселені бақылайтын боламыз. Жоғарыға Білім және Ғылым минстрлігіне арнайы хат жолдадық. Министрлік мәселені бақылауға алды. Арнайы зерделеу тобын құрып, бұл университеттегі жағдайды бақылауға алатын болады.
Оқу жылының ортасында далада қалған студенттер әділдік іздеп сотқа жүгінбек.