$503.05 €542.99 ₽5.98
×

Президент Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру туралы жоспарға қол қойды

01.04.2025ж. 20:00
173
Президент Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру туралы жоспарға қол қойды

Президент Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру туралы жоспарға қол қойды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желіде жариялады. 53 тармақтан тұратын құжатты Президент Әкімшілігі мен Үкімет бірлесіп әзірлеген. Жоспарда Президенттің гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық салалардағы тапсырмаларын орындауға қатысты нақты қадамдар көзделген.

ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Шекара маңындағы аудандарды дамыту, ғылым қалашықтарын құру, ерекше қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдау, үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы жеке заңдар қабылданады.  Жалпы, Президенттің Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерген бастамалары мен берген тапсырмалары мемлекеттік органдар үшін де, бүкіл қоғам үшін де еліміздің ұзақ мерзімге арналған даму бағдарын айқындайды.