$518.53 €588.17 ₽6.39
×

«AMANAT» партиясы өкілдері Атырау облысында «Құқықтық көмек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өткізді

01.04.2025ж. 20:00
193
«AMANAT» партиясы өкілдері Атырау облысында  «Құқықтық көмек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау  өткізді

Атыраулықтар «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында тегін құқықтық көмек алды. Кездесу алдымен  Индербор, Бөдене ауылы халқымен, кейін қала тұрғындарымен  өтті.  Тұрғындар  жиі толғандыратын тұрғын үй, еңбек даулары және жол мәселесіне қатысты кеңес сұрады. Оларға мемлекеттік орган басшылары мен заңгерлер бағыт-бағдар берді.  Айта кетейік, биылғы жылдың екі айында «Құқықтық көмек» жобасы бойынша  бір мыңға жуық адам  хабарласса, қабылдауға 7 мыңнан астам келді.  

ЕРМҰХАНБЕТ ЖҰМАБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

60  пайызын оң шешіп жатырмыз. Яғни халықтың бізге сенімі жоғары десек болады.  Өйткені мемлекеттік органдарға барып, құқық қорғау органына барып, тауы шағылған азамат, кіре алмай қалған азамат біздің алаңымызға келіп, сол басшылардың  қоғамдық қабылдауына жазыла алады.