Инватаксимен түнгі клубқа барған. Мүмкіндігі шектеулі балаларына емес, өз қажеттіліктеріне такси шақырған 40 ата-ана жауапсыз әрекеті үшін тегін көлікті пайдалану құқығынан айырылды. Ал, құзырлы органдар мамандандырылған көліктің жетіспейтіндігіне алаңдаулы. «AMANAT» партиясы осы мәселені шешудің жолдарын қарастыруда. Партия өкілдері мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін мекеменің диспетчерлік орталығының жұмысымен танысты. Қызметкерлерімен сөйлесіп, көмекті аямайтындарын жеткізді.
МАДИНА ӘЖІКЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Біздің «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында саясми тұғырнама бар. Сонда арнайы белгіленген: «Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін осы қалада қозғалу, жүріп-тұру барысы, жайлы жағдай жасалынған ба, соны келіп бақылау – басты миссиямыз. Қолайлы жағдай жасау жүзеге асырылып жатыр ма, біздің тараптан қандай көмек керек екенін білу. Алайда, екінші жағы да бар дейді. Кейбір ата-аналар осыны пайдалан отырып, көліктерді өздерінің басқа жұмыстарын шешіп жүр екен.
Алайда, түнгі клуб пен бар жағалаған ата-ананың қылығы үшін баланы көлікті пайдалану құқығынан айыра алмайтынын айтады мамандар. Жалпы, қалада 8 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жанның жартысы -бала. Ал, оның барлығы инватакси қызметімен қамтылмайды. Дегенмен, бәріне қызмет көрсетуге тырысамыз дейді жауаптылар.
ИЛЬЯ СКУБ, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Бір адамға дүйесінбі күні көлік керек, басқа күні керек емес деген секілді. Сондықтан, мердігер мекемелер өздерінің біліктілігініңң арқасында барлығына көлікті жеткізуге тырысады. Өйткені, мүмкіндігі шектеулі жандар бар отбасылардың барлығы дерлік қарапайым отбасы, яғни, жеке көліктері жоқ.