Қызылжарда Жеңістің 80 жылдығына орай “Мәңгілік алау” монументі күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Жергілікті билік өкілдері Жеңіс күніне әзірлікті білек сыбана пысықтап жатыр. Бүгінде облыс орталығында 4 нысан жаңғыртылуда. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 70 миллион теңге қарастырылған. Қомақты қаржжының арқасында жеңіс саябағы да жаңартылмақ. Бұдан бөлек, Мәңгілік алау ескерткішінің гранит тастары ауыстырылып, айналасы көгалдандырылып жатыр.
ӘСЕМ АЙТУЛОВА, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Жалпы жыл сайын бізде Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіштерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалады. Бірақ биыл жеңістің 80 жылдығына орай күрделі жобалар жоспарланып отыр. Олар қазіргі таңда басталып кетті. Ол үшін арнайы қаржы да бөлінген.