$503.05 €542.99 ₽5.98
×

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді. Мерейтойлық шаралар дирижердың туған жері Алматы облысында басталып, еліміздің түкпір-түкпірінде және шетелдерде жалғасады. Қазақтың әйгілі күйші-композиторы шығармашылық жолында 400-ге тарта ән мен күй, романс жазған. Оның шығармалары қазақ музыка өнерінің алтын қорына енді. Дәулескер күйші "Отырар сазы" этно-фольклорлық ансамблін құрып, ұлттық музыка мәдениетінің дамуына зор үлес қосты.

НАҒАШЫБЕК ҚАПАЛБЕКҰЛЫ, ЮНЕСКО-НЫҢ ЖАУАПТЫ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы ЮНЕСКО-ға кіргенін естігенде бөркімізді аспанға лақтырып қуандық. Өйткені ол бір ғана өнердің ғана емес, бірнеше өнердің қайталанбас ұлы тұлғасы. Мысалы, бірнеше күй шығарған дәулескер күйші, атақты дирижер. Көптеген 400-ге жуық ән-күй, романстар жазған композитор. Мұндай ғажап тұлға сирек.