1 минут күлкі адам өмірін 45 минутқа ұзартады. Оған қоса жақсы көңіл-күй сыйлап, депрессиядан құтқарады. Тіпті, қан-тамырлар жүйесіне де ерекше әсер етеді. Ғалымдар осылай дейді. Алайда, күлдірем деп бүлдіретіндер бар. Арзан әзілмен алдап, арбау белең алып барады. Қазақы қалжыңның қадірі кетті ме? Тілшіміз тақырыпты тарқатады.
ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:
Әйййй, сенде қатырасың досым. Қалжыңбас болдың ау әбден. Қойшы бопты хабарласамыз.
Расымен күлкі витаммин, көңілін бір сергіп қалады. Оның үстіне бүгін 1 сәуір - күлкі күні. Бұл ресми мереке емес. Тек адамдар бір-бірімен қалжыңдасып, көңіл көтеріп, күлкіге қарық болады.
Езуге күлкі үйіріп, қалың көрермен көңілін көтеріп жүргендердің бірі - Нұржан Құлшынбаев. Ол -бұрынғы шаншар театрының мүшесі. Қазір Шымкент қалалық сатира театрында қызмет етеді. Өнер иесі бала күнінен өнерге жақын болған. Айтуынша, әр әзілдің түбінде шындық, әр күлкінің астарында қуаныш сезім бар.
НҰРЖАН ҚҰЛШЫНБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ САТИРА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ:
Күлдіре білу бұл - өнер, ал күле білу бұл - өмір. Әзілдесейік, бірақ шынайы әзілдесейік. Бір-бірімізбен ренжімейтін жағын қарастырырып. Бір-бірлеріңізбен әзілдесеңіздер бірақ алдамаңыздар.
Үнемі қуанып, күліп жүретін адамның өмірі қашанда қуанышқа толы. Жұрт күлімсіреу денсаулыққа ғана емес, жүрекке жылулық сыйлайды дейді.
БЛИЦ:
- Күліп-күліп 70 ке келдік. Күле беремін енді, ашуланбаймын бірақ.
- Адамның көңіл-күйі көтеріңкі болса, ол адамның денсаулығына өте пайдалы. Өз басым солай ойлаймын.
- Күлемін жиі күлем. Жақсы ғой күлген чем ашуланып жүргенше.
Дәрігерлер күлкі арқылы адамды емдеуге болады дейді. Күлкі иммундық жүйені жақсартып, жүрек пен өкпеге, қан айналымына оң әсер етеді. Бұл – қымбат дәрілер мен тағамдардан әлдеқайда нәтижелі әрі тегін шипа екенін айтады.
БАТЫР ҚОНЫСБЕКҰЛЫ, ДӘРІГЕР:
Жалпы адам күлу кезінде бізде эндорфин деген гармон болады. Біз бұны қазақша бақыт гармоны деп атаймыз. Бақыт гармонының рөлі өте жоғары. Мысалы адамның жүйке жүйесін тынышталдырады, ауруын жеңілдетеді. Бұл емделіп жатқан науқастардың емделмейтін қатерлі ісік ауруларының алдын алуда маңызы өте зор күлкінің.
Айналаға күлкі сыйлаңыз, күлкі болмаңыз. Ең бастысы жақыныңызға жылулық сыйлаңыз. Күле біліңіз, күлдіре жүріңіз!