$503.05 €542.99 ₽5.98
×

«Адамнан айла артылмайды»: Елде ақылдылар көбейді

01.04.2025ж. 20:00
235
«Адамнан айла артылмайды»: Елде ақылдылар көбейді

«Аңқау елге арамза молда». Қазір арест шешемін, график қойып беремін деген заңгерлер көбейді. Ақшасын ұстатсаң, бір күнге жеткізбей шотындағы бұғатты шешеді. Заңсыздығы мынада. Тұрғындар мұндай істі іске асыру үшін электронды колтаңбасын өзгеге береді. Ал оның ертеңгі күні сазға отырғызып кетпесіне кепілдік жоқ. Осы және өзге де өзекті тақырыптар «Өзекті» айдарында. Тізгінді әріптесім Аружан Задабекке беремін.

Қайырлы кеш, көрермен! Өзімді де, өзгені де алаңдатқан мәселелерді жиып келдім. Сондықтан экраннан алыс кетпеңіз!

«Адамнан айла артылмайды» деген сайын небір сұмдықты көретін болдық. Алаяқтар «обналичка істеймін» деп несиеге рәсімдеген затты ақшаға айырбастап жүр. Аңқау елге арамза молда болғандардың әрекеті осымен бітсе жақсы ғой. Желіде арест шешімін, график қойып беремін дегендердің де жарнамасы аз емес. Қызығы олардың көбінде білім жоқ. Осыдан кейін бұл әрекеттің қаншалықты заңды екенін саралай беріңіз. Бірақ, өкініштісі мұндай қызметке сұраныс жоғары. Желідегі пікірлерді көріп «біздің жұрт әбден қарызға кірген екен ғой» деп ой түйесің.

БЛИЦ:

- Арест шеше алатындар бар ма? Дым бас жетпей жатыр.
- Егер сот шешімі арқылы арест қойылған болса, график қоюға бола ма?
- Менің счетымды арестен шығаруға көмектессеңіз.


Иә, халықтың қазіргі күйі осы. Бір ғана көріністен материалдық жағдайдың қандай екенін аңғаруға болады. Не дейміз енді? Қарызға белшеден батқандардың өмірінде бір сілкініс болса екен деумен шектелеміз. Енді мұндай сілкіністен кәдімге жер сілкінісіне ойысайық. Әлем табиғи апаттар әбден зардап шекті. Жер-жерлерде болып жатқан дүмпулер әлеуметтік желіде жарияланып, біраз адамның сабасына түсуіне сеп болды. Әсіресе мына видеоны көрген жұрт сүйсініп, медбикелерге «бәрекелді» деп жарыса жазып жатыр. Расымен, мамандығын шын сүйген маман осындай болса керек!

БЛИЦ:

- Жаман ұлт болмайды, жаман адамдар болады. Бірақ әлемде мейірімді адамдар өте көп.
- Осы шығар аманатқа киянат жасамау деген.
- Міне, нағыз адамгершілігі мол медбике деп осыны айтады. Өз жұмысына адалдығы көрініп-ақ тұр.


Айтпақшы, елімізде алғаш рет «педагог-профориентатор» лауазымы ресми түрде енгізілді. Мұндай мамандар оқушыларға мамандық таңдауға жол көрсетеді. Рас. Қазір оқушылардан «кім боласың» деп сұрасаң, мардымды жауап ала алмайсың. 11-ге аяқ тіреген жасөспірімнің өзі не керегін білмей дал болады. Бірақ жұрт хабарға қуана қоймады. Мұндай ұстаздардың аса қажеті жоқ деп даурығып жатыр. Жай ақша бөлудің бір амалы дегендер де көп.

БЛИЦ:

- Оған да отчетпене қажытатын шығар.
- Енді сол ғана жетпей тұр, бәрін тындырып болып. Одан да мұғалімдерді қағаз бастылықтан босатудың жолын іздемей ма?
- Мектепте кәсіптік бағдар беруші деген штаттық қызмет бар ғой онсызда. Жаһандық құзіреттілік деген сияқты етіп сағат беру керек шығар.


Құрметті көрермен, бүгінге осы! Сау болыңыздар!