$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Нидерланды корольдігі ЭКСПО-2017 көрмесінде Ұлттық күн мерекесін атап өтті

AstanaTV
22.06.2017ж. 20:00
2669
Нидерланды корольдігі ЭКСПО-2017 көрмесінде Ұлттық күн мерекесін атап өтті

ЭКСПО көрмесінде Нидерланды корольдігінің Ұлттық күні атап өтілді. Бойлары үш метрге жететін әртістер мерекенің басты тартуы болды. Олар келушілердің назарын бірден өздеріне аударды.

Көрмеге келушілерді ерекше әртістерімен қоса, корольдікте құрастырылған бизнес-жоба - «голландық түйсік те» баурап алды. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласы, қоршаған орта мен «жасыл» энергия бағытындағы жаңашылдықтар таңқалдырады. Бірегей жобалар елдің көрме алаңында көрініс тапқан.

Нидерланды экономика министрі Хенк Камның айтуынша, табиғи ауыр жағдайлар голландықтарды инновация мен кәсіпкерлікке үйретті. Және Қазақстан сынды мықты серіктес елді бағалауға бейімдеді. Айта кетсек, Қазақстанға соңғы 25 жылда Голландиядан тартылған инвестиция көлемі 67 млрд долларды құрайды.

Хенк Кам, Голландия экономика министрі:

Біздің павильон қызықты шешімдерді іздеуге негізделген. Өзгелерден ерекшелігі - голландтық түйсікте. Бұл түйсіктің бейнесі ғасырлар бойы елдің алға қойған міндеттері негізінде қалыптасты. Нидерланды елінің басым бөлігі теңіз деңгейінен төмен орналасқан. Сондықтан біз өмір бойы аяғымыздың құрғақ болуы үшін еңбектеніп келеміз.