Көлік салығын төлейтін мерзім бітті.Бірақ көпшілік асығар емес.Тіпті бірнеше жылдан бері салық төлемей жүргендер көп. Қостанай тұрғынының қарызы 6 миллион теңгеден асқан. Аймақта 6400 адам борышкер тізімінде.
ЗАҢҒАР САНАЙ, ТІЛШІ:
Қостанай облысында 233 мың көлік құралы тіркелген.Жыл сайын көлік салығынан қазынаға 3милиард 600 миллион теңге түсуі тиіс.Алайда салықтан жалтарғандар саны азаймай тұр. 29 мың аймақ тұрғыны 600 миллион теңге қарыз.
МЕРЕЙЖҰЛДЫЗ СӘКЕНҚЫЗЫ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 138 мың салдық төлеуші өз бетінше 3 миллиард теңгені төледі. Яғни 83 пайыз.29 мың салық төлеуші бойынша 0,6 миллиард теңге күтілетін түсімдер қазіргі таңда.
Мәтін: Қомақты қарыздың 180 миллионы бірнеше жылдан бері төленбей келе жатқан көрінеді. Өңірде көлік салығына 1 теңге қарыз адам бар. 5 жылдан бері 6 миллион 500 мың теңге төлемей жүрген тұрғын да бар.Айбек Жүсіп межелі мерзімге дейін көлік салығын төлей алмағанын айтады.
АЙБЕК ЖҮСІП, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Дәл төлейтін уақыт келген кезде ақша болмай қалады.Сосын кешіктіруге тура қалады.Онан соң машинаның да көлемі үлкен да.Оның салығы да қымбат болғаннан кейін кешіктіруге тура келеді.Әйтпесе төлеуден қашпаймын.Ол өзім үшін керек ғой.
Мәтін: Департамент мамандары салықтан жалтарған тұрғындардың түгеліне хабарлама жіберілгенін айтты. Бір ай ішінде төлемейтін болса бұйрық шығарылып, сот орындаушыларына жолданады.Осыдан кейін борышкерлердің есепшоты бұғатталып, шетелге шығуа шектеу қойылады.