Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ақтөбе облысында ірі көлік апатынан 9 адам қаза тауып, ондаған жолаушы жарақат алды

AstanaTV
22.06.2017ж. 20:00
2537
Ақтөбе облысында ірі көлік апатынан 9 адам қаза тауып, ондаған жолаушы жарақат алды

Ақтөбе облысында ірі көлік апаты болды. 9 адам қаза тауып, ондаған жолаушы жарақат алды.  Әйтеке би ауданы аумағындағы күре жолда екі қабатты автобус аударылып қалған. Ресейдің  Волгоград қаласынан шыққан жолаушылар көлігі Шымкентті бетке алған екен.

Жол апаты «Самара-Шымкент» автожолының 946-шы шақырымында орын алды. Автобуста 52 адам болған. Оның 50-і Өзбекстан азаматтары, ал екеуі - қазақстандық. Апат салдарынан 9 жолаушы көз жұмып, тағы бірнеше адам ауруханаға жеткізілді. 25 жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Қазір апатқа байланысты шұғыл байланыс телефоны жұмыс істеп тұр. 

Алмас Садубаев, ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры:

Жол-көлік оқиғасының себеп-салдарын анықтау үшін, ІІМ-нен облысқа арнайы жұмыс тобы жіберілді. Ол топты әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы басқаратын болады.