$518.37 €609.97 ₽6.6
×

Ақтауда хиджаб киген қызды жағалауда белгісіз біреу зорламақ болды

AstanaTV
03.04.2025ж. 15:48
255
Ақтауда хиджаб киген қызды жағалауда белгісіз біреу зорламақ болды
Фото: tumba.kz

Оқиға Ақтаудың теңіз жағалауында кешкі уақытта болған, деп жазады inbusiness.kz сайты Маңғыстау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Lada.kz редакциясына түскен бейнежазбада белгісіз ер адамның қызға шабуыл жасаған сәті көрінеді. Қыздың айқайын естіген адамдар жүгіріп келіп, қылмыскерді ұстап алған.

Видео авторының айтуынша, ер адам хиджабтағы қызды зорламақ болған.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті 11 наурызда болған бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

"Видеодағы зорлау әрекетіне байланысты бірден қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Тергеу аяқталып, іс айыптау қорытындысымен бірге сотқа жолданды", - делінген хабарламада.