Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қостанайлық еріктілер ағылшын тілін үйретудің оңай әдісін ойлап тапты

AstanaTV
22.06.2017ж. 20:00
2595
Қостанайлық еріктілер ағылшын тілін үйретудің оңай әдісін ойлап тапты

Қостанайлық еріктілер ағылшын тілін үйретудің оңай әдісін тапты. Ол карта ойыны ретінде өткізіледі. Ағылшын тілінің мұғалімі Данил Калюпа бастаған еріктілер тобы тың тәсілді табу үшін бес айға жуық еңбектенген.

EnglishWars, яғни «ағылшын шайқастары», деп аталатын ойынға 10 адам қатысады. Ойын шарты бойынша, берілген тапсырма ағылшын тілінде орындалуы тиіс. Әр қатысушы үлестірілген картадағы кейіпкер жайында кеңінен баяндап, ойын толық жеткізуге тырысады. Сайыс барысында грамматикалық қателіктер есепке алынбайды. Апта сайын жарыс жеңімпаздары анықталып, ай соңында жоғары ұпай жинағандар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Заңғар САНАЙ