$516.91 €586.33 ₽6.3
×

“ЖАЙЫҚ” – ЧЕМПИОН! 27 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ТАРИХИ ЖЕҢІС!

AstanaTV
04.04.2025ж. 17:09
148
“ЖАЙЫҚ” – ЧЕМПИОН! 27 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ТАРИХИ ЖЕҢІС!

 Волейболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының XXXIII маусымы аясында ерлер арасындағы Ұлттық лиганың финалдық кезеңі аяқталды.

Финалдық кездесулер нәтижесінде “ЖАЙЫҚ” волейбол клубы шешуші ойында Ақтөбе командасын 3:1 есебімен жеңіп, Ұлттық лиганың чемпионы атанды!

Араға 27 жыл салып, “ЖАЙЫҚ” өз тарихындағы чемпиондық атағын қайта жаңғыртты! Бұған дейін 1998 жылы “Жайық-Конденсат” командасы ел чемпионы атанған болатын.

Бұл жеңіс – табандылықтың, қажырлы еңбектің және қайсар рухтың жемісі! Команда жанкүйерлердің зор қолдауын сезіне отырып, соңына дейін күресіп, мақсатына жетті.