$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының басшыларымен кездесті

04.04.2025ж. 20:00
357
Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының басшыларымен кездесті

Премьер-министрі Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының басшыларымен кездесті. Басқосуға Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығының вице-президенті және Қатар Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, Азия және World Aquatics Олимпиада Кеңесінің бас директоры, Қатар Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенттері қатысты. Олар спортты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасып, халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамыту, олимпиадалық қозғалысты қолдау және кәсіби әрі бұқаралық спортты дамыту үшін жағдай жасау мәселелерін талқылады.