Павлодарда ауыз су қымбаттады. Қалалық су арнасы ауыз суды 56 пайызға дейін көтеруге өтініш берген. Ал техникалық су мен кәріз қызметінің де құнын 35-тен 60 пайызға өсіруге мүдделі. Бірақ, тексеру жүргізген құзырлы органдар монополист компанияның бұл ұсынысын толық қанағаттандырған жоқ. Мемлекеттік мекеме ауыз суды 17, техникалық суды 38, кәріз қызметі үшін 23 пайыздық тарифті мақұлдады. Павлодарда судың тарифі өткен жылдың ақпан айында ғана көтерілген болатын. Араға жыл салып, тағы қымбаттады. Бұған компания бірнеше фактор себеп болғанын алға тартады.
НҰРЛАН НҰРМҰРАТОВ, ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:
Ол бірінші, электр энергиясы құнының жоғарылауы. Екінші, қызметкерлердің жалақыларын көтереміз деген жоспарлары бар. Үшінші, ол қосымша инвестициялық бағдарламаларды тарту болып табылады.