$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Түркістанда "Ауыл аманаты" жобасы жүйелі жүзеге асырылуда

04.04.2025ж. 20:00
126
Түркістанда "Ауыл аманаты" жобасы жүйелі жүзеге асырылуда

«AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы тұрғындардың табысын арттырып келеді. Әсіресе 76%-ы ауылдық елдімекендерде тұрып жатқан Түркістан облысы үшін айтарлықтай қолдау болды. Жоба арқылы тұрмысын жақсартқандардың бірі Оранғай ауылының тұрғыны – Бахадур Исраилов.  Жас күнінен мал бағып, оны бордақылауды мақсат еткен азамат алдымен қаражатты қалай тиімді жұмсау, қажет емес шығындардан бас тарту сынды мәселелер бойыншна партияның «Қарызсыз қоғам» жобасында білімін арттырған.  

БАХАДУР ИСРАИЛОВ, КӘСІПКЕР:

Мен мал бағуды бала кезден жақсы көремін. Орталыққа барып «Қарызсыз қоғам» курсына катысып, сол жерде «Ауыл аманаты» жобасы туралы білдім. Көп ұзамай 7 миллион теңге көлемінде несие алып, 20 бас бұқа сатып алдым. Бүгінде кәсібімнің жемісін көріп отырмын. Осындай мүмкіндік берген «AMANAT» партиясына алғысымды білдіремін. Халыққа осындай қолдаулар қажет.