Қызылорда облысында екі соғыс ардагері тұрады. Қазалы мен Сырдария ауданының дәрігерлері қос қарияның денсаулығын үнемі бақылап отырады. Бүгін де олардың үйіне ақ халаттылар арнайы барып, медициналық тексерістен өткізді. Сырдария ауданының тұрғыны Яхия Тасыровтың жасы 103-те. Дәрігерлер қарт майдангердің денсаулығына ешқандай шағымы жоқ екенін айтады.
ЖАНАР ЖҰМАБАЕВА, СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Соңғы 3 жыл көлемінде ауруханаға жату көрсеткіші болған жоқ. Бізде диспансерлік есепте, созылмалы бронхит ауруымен ауырады. Диспансерлік есепте тұрады. Қазіргі таңда шағымы жоқ. Біз аймағы емес, аптасына 2 рет медбике мен аймақтық дәрігері қарап тұрады.