$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Астанада Жеңістің 80 жылдығына орай кітап-иллюстрациялық көрме ашылды

Астанада Жеңістің 80 жылдығына орай кітап-иллюстрациялық көрме ашылды

Астанада Жеңістің 80 жылдығына орай кітап-иллюстрациялық көрме ашылды. Көрмеге  бұрын ешкімге көрсетілмеген, зерттеуден өтпеген бірегей материалдар ұсынылды. Яғни, келушілер соғыс кезіндегі газеттер мен әскери үгіт плакаттары және қазақстандық жазушы-майдангерлердің еңбектері секілді сирек архив материалдарын тамашалады. Жалпы 60-тан аса үгіт материалы, 80-нің үстінде кітап пен газет қойылған.  

КҮЛАЙША АҚТАЕВА, "ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ МУЗЕЙІ" КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл көрменің ерекшелігі ҰОС тарихы осы жылдары әрине үзілмей зерттеліп жатыр. Бірақ үлкен айтулы оқиға болғандықтан, біраз парақтар аңызға айналып кетті. Біраз парақтар әлі оқылған жоқ. Олар өздерінің зерттеушілерін күтіп жүр.