$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Биыл күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 154 жыл

Биыл күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 154 жыл

Биыл күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 154 жыл. Жауырыны жерге тимеген палуанның даңқын бүкіл әлем біледі. Оның тұтынған тұрмыстық заттары мен киім-кешегін  көзінің қарашығындай сақтап жүргендер бар.  Түркістан облысы Ордабасы ауданының орталығындағы музейде құнды жәдігерлер сақтаулы.  

Ұрпақтары палуан өзі салған төрт бөлмелі қоржын тамның бір бөлмесін мұражайға айналдырған. Мұнда оның жатқан кереуеті, ұстаған ошағы, арбасының кейбір бөлігіне дейін сақтаулы.  Шөбере келіні Роза Тынышбекқызы түп атасының қолы тиген бұйымдарды  көзінің қарашығындай сақтап отыр.

РОЗА ТЫНЫШБЕКҚЫЗЫ, Қ. МҰҢАЙТПАСҰЛЫНЫҢ ШӨБЕРЕ КЕЛІНІ:

Тағы да ерекше мақтанышпен айтатын суретім менің мынау түпнұсқа. Бұл ешжерде жоқ. Музейде де жоқ. Бұл бізде ғана бір ақ түпнұсқа. 1945 жылы Абай Құнанбаев атымыздың тойына барған кезде осы баласын қолына алып, ерекше жақсы көрген екен түскен сурет.


Темірландағы Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейінде де біраз дүние сақтаулы. Күш атасының орден-медальдары, киген киімідерін  осы жерден көруге болады. 200 ден астам жәдігердің бірі - күш атасының арнайы қайыс белбеуі.   
 
ГҮЛЗИРА ӘШІРБАЕВА, ҚАЖЫМҰҚАН АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ СПОРТ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Омбыдағы ұрпақтары табыстаған алдарыңыздағы тұрған матаға салынған Қажымұқан атамыздың өзінің суреті. Ешқандай өңін бермеген. Осы уақытқа дейін жақсы сақталған. Былтырғы жылы Айбат Күдеров деген ағамыз үйінде осынша жыл сақтаған тері тымағын әкеп өткізді.   


Музейдің ғылыми қызметкері Меруерт Асылханқызы -Қажымұқанның ұрпағы. Бабаның қолданған бұйымдарын ел ішінен әлі де іздестіріп жүр.  

МЕРУЕРТ АСЫЛХАНҚЫЗЫ Қ. МҰҢАЙТПАСҰЛЫНЫҢ ҰРПАҒЫ:

Мамандар оны әрі қарай бүлінбей сол күйінде сақталып қалуын қамтамасыз етер еді деген оймен біз жұмыстар жүргізе береміз. Көп кісілер бізді түсіне бермейді. Кейбір кісілер сатқысы келеді.


Күш атасының денесі қаншалықты ірі болса, өзі де соңдай кең, жомарт жан  болғанын көзін көргендер әлі күнге жыр қып айтады. Екінші дүнниежүзілік соғыс кезінде әскери  ұшақ жасатуға ел ішінде өнер көрсетіп, қаржы жиып бергенінің өзі бір бөлек әңгіме дейді ауыл азаматтары.

ҚАЛДАРБЕК ОҢАЛБЕКОВ, ҚАЖЫМҰҚАН АУЫЛДЫҚ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ұлы Отан соғысының кезінде Сталинге хат жазып, мен өнер көрсетіп, өз күшімменен ұшақ жасатуға қаржы бөлейін, оны Амангелді Иманов атындағы ұшақ деп атасаңыз деп ,+ол кісі мақұл көріп, телеграмма жіберген ғой.


Ордабасы ауданында күш атасының атына арнайы мәдени-спорттық кешен салынып жатыр.  Мұнда музей, кітапхана, спорттық нысан мен қонақ үй де болады.

ҚҰРМАНӘЛІ ЖЫЛҚЫБАЙ, ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ, ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:

Біздің әлемді қазақты бүкіл әлемге танытқан тұлға. Жауырыны жерге тимеген біздің палуан. Қазақ баласының батыр атағы берілген жалғыз тұлға. Сондықтан бұл кісінің атындағы мұражайды біз заманауи үлгіде , басқа шетелдіктерге көрсеткенге ұялмайтындай деңгейде жасау біздің еліміздің міндеті деп, парызы деп ойлаймын.  


Мәдени спорттық кешен алдағы мамыр айында пайдалануға беріледі. Мұражай да сосын сонда көшіріледі.