$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Инклюзия бағытын дамытуға арналған орталық ашылды

AstanaTV
04.04.2025ж. 20:00
145
Инклюзия бағытын дамытуға арналған орталық ашылды

Бас қалада инклюзия бағытын дамытуға арналған орталық ашылды. Онда ата-аналар мен мұғалімдер инклюзивті білім беру мен тәрбие бойынша біліктілігін арттырады. Жоба ұйымдастырушылары салада зерттеу жасап, нәтижелерді көпшілікпен бөлісті.

Есігін енді айқара ашқан орталықта педагогтер мен ата-аналар дамуында ерекшелігі бар балаларды оқытудың заманауи тәсілдерін меңгере алады. Яғни тренингтер мен курстар тегін түрде өтеді.

ГҮЛМИРА ПАРМЫШЕВА, "ИНКЛЮЗИВТІ ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ" ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

Жай ғана орталық емес, бұл мың ананың арманы болар, 1800-ге дейін жылына аналарды қабылдай алады екенбіз әртүрлі салада біз. Түрлі консультациялар өткіземіз, түрлі сабақтар, тренингтер, олардың дамуы үшін және DIGITAL бағыты бойынша мамандықтар, олардың қаржылық тұрақтылығына, балаларын келіп мына жерде бізде бала күтушілер болады неде дайындап қойдық та, жаңағы дизайнымызда, басты мақсат балалармен бірге келсе деген болды.


Аталмыш қауымдастықтың негізін қалағандар да ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналары, сондай-ақ Назарбаев университетінің түлектері. Әр балаға тең мүмкіндікте білім беруді көздеген олар салада түрлі зерттеу жүргізіп, жаңа әдістерді енгізген.

ӘСЕМ ТӘЖИЕВА, "ИНКЛЮЗИВТІ ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ" ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл ассоцияция 4 мүшеден құралады. Организациялар осы инклюзия жайында көптеген социалдық, әлеуметтік жобалар істейді. Инкзюзивті білім беру, үй ішінде қалай балаға қарауға болады екен, сондай мәселелер. Және осы инвалидності бар үлкен азаматтарға да көмек керек. Сол арқылы да қосымша жасалынған.


Жоба Назарбаев университетінің Әлеуметтік даму қоры, қала әкімдігі және "Астана әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының" қолдауымен жүзеге асырылды.