$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Алматы облысы Кемертоған ауылындағы жайлы мектепте «Заманауи тенденция-оқушы қолымен» тақырыбында көрме ұйымдастырылды

AstanaTV
04.04.2025ж. 20:00
171
Алматы облысы Кемертоған ауылындағы жайлы мектепте «Заманауи тенденция-оқушы қолымен» тақырыбында көрме ұйымдастырылды

Алматы облысы Кемертоған ауылындағы жайлы мектепте ерекше көрме ұйымдастырылды. «Заманауи тенденция – оқушы қолымен» деп аталған көрмеде оқушылар өздері жасаған заманауи туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Шараның мақсаты  оқушы шығармашылығын қолдап, жаңа технология мен қолөнерді ұштастыра отырып, білім беру жүйесіндегі жаңа бағыттарды дәріптеу. Көрмеге робототехникалық жобалары, креативті бұйымдары мен заманауи қолөнер туындылары қойылды. Бұл тек өнер көрмесі  емес, болашақ инженерлер мен дизайнерлерге алғашқы қадам деуге болады.

ГҮЛМИРА РАЙСБЕКОВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Жайлы мектептің ерекше ерекшелігі оқушылар үшін ыңғайлы болуында, инклюзивтігінде. Олай болса заманауи тенденция оқушы қолымен тақырыбындағы көрмеміз қолөнер мен робототехниканы ұштастыра отырып жасақталған. Оқушылардың өз қолдарымен жасаған өнерін көрмеге қойып, оқушы мен ұстаздардың шығармашылығын дәріптеп, паш етпекшіміз.


Жаңа ашылған жайлы мектепте оқушылар үшін барлық жағдай жасалған. Мектептің дарынды оқушылары тіпті, көркем еңбек пәні мұғалімдерінің қолдауымен Қастеев музейінде де көрме ұйымдастырып, жетістіктерімен көзге түскен. Яғни тек оқумен шектелмей, түрлі жобалар мен байқауларға белсенді қатысып жүр. Соның бірі Алматыда өткен 2025 TECH CAP байқауы, онда кемертоғандық оқушылар жүлделі орындарды қанжығалаған.

АҚӘДІЛ БАСТЫҚОЖА, ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:


Ауылдық және қалалық жерлерде апатты деп танылған және де 3 ауысымды мектептерді жою мақсатында елбасымыз жайлы мектепті жүзеге асырып жатыр. Біздің мақсатымыз болашақта оқушыларымызды Республикалық деңгейде жарыстарға қатыстыру жоспарлап отырмыз.