$515.18 €570.66 ₽6.06
×

Көшелерге ата-бабасының есімін беру белең алып кетті

04.04.2025ж. 20:00
155
Көшелерге ата-бабасының есімін беру белең алып кетті

Қазір көшелер мен елдімекендерге ата-бабаларын есімін беру белең алып кетті. Әсіресе, елге еш еңбегі сіңбеген, заты түгілі атын да білмейтін «заманауи тұлғалар» көбейді. Бұны жершілдікке, рушылдыққа салынғандар науқанға айналдырды. Енді осыған тоқтау салатын кез жетті.

Соңғы жылдары қала, аудандар саны ұлғайып келеді. Бұл халық санының өсуімен тікелей байланысты. Алайда, жаңа мөлтек аудандардың бой көтеруі  көше атауларының  қайталануына әкеліп соқтырды. Бұл бірінші кезекте  жедел жәрдем, өрт сөндірушілер мен тәртіп сақшыларына қиындық туғызды. Көше атының бір қалада бірнеше рет қойылуы күш құрылымдарының  шатасуына  себеп болып отыр.

АЙТМҰХАМБЕТ ТҰРЫШЕВ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

Қозы-Көрпеш Баян сұлу жырында Баянның берген заттары түсіп қалып, Шідерті деп аталыпты, Қарқаралы деп аталыпты.Жалаулы деп аталыпты деп әрбір атаулар аталады. Бұл атаулар күні бүгінге дейін келе жатыр. Өлген жоқ. Сол секілді бұл көрініс Сәкен Сейфулиннің «Көкшетау» поэмасына да түскен. Анау Жеке батыр, Оқжетпес, Бурабай деген атаулардың ар жағында генетикалық үлкен мән жатыр.


Соңғы кезде көше атауларына ата-бабасының есімін беру белең алды. Ұлттық құрылтайда Президент осы мәселеге  нүкте қою керек екенін  айтты. Жершілдікке, рушылдыққа бөлініп, елге еңбегі сіңбек түгілі атын білмейтін қолдан жасаған «батырлар»  көбейген.  

АЙТМҰХАМБЕТ ТҰРЫШЕВ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

Атауларды жанағы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтпақшы, жанағы құжатталған атаулар болу керек.  Айтты ғой әлемдік жадыға кіргізейік деп. Сондықтан, құжатталған кейбір жадыларды әлемдік жадыға кіргізейік дейді. Сондай құжатталған тарихи дерегі бар атауларды қою жөнінде ұсыныс тастады.


Филология ғылымдарының докторы, профессор Айтмұхамбет Тұрышев елдімекендерге бұрынғы атауларын қайтару керек деп санайды. Өйткені, қазақ әр жердің атын, сол елдімекеннің  ерекшелігіне, тарихи дерекке байланысты қойылғанын айтады.

АЙТМҰХАМБЕТ ТҰРЫШЕВ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

Бізде керемет атаулар көп ғой. Мысалы, таң шапағы, ай нұры, жаман ба осылай деп қойса, таң шапағының алаңы,  ай нұры алаңы, алтын адам, ертегілер еліне немесе ертегі еліне саяхат деген сияқты осындай поэтикалық, ұлттық сипаты бар аспан, жұлдыз кезінде соның бәрін темірқазық деп қойса, жаман ба?


Ал қазір жекеменшік мекемелер ойларына келген атауды қоятын болған. Тіпті, ішінде атын атаудың өзі ұятқа қалдыратындары бар. Осы тұрғыда Ономастика комиссиясы  жеке нысандарға  ат қоюда рұқсат  алу жағын қарастырмақ.