$515.18 €570.66 ₽6.06
×

Жеңістің 80 жылдығы: Биыл шеруге 4 мыңнан аса әскери қызметші қатысады

Жеңістің 80 жылдығы: Биыл шеруге 4 мыңнан аса әскери қызметші қатысады

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық жүріп жатыр. Далалық лагерьде дайындықтың негізгі кезеңдері аяқталды. Онда 200-ден астам тұрғын үй шатыры, далалық аурухана, сондай-ақ басқа да қажетті пункттер орнатылды. Парадқа қатысушылардың дені елордаға келіп, қарқынды жаттығуларға кірісті. Биыл шеруге 24 парадтық топ қатысады. Онда 4 мыңнан аса әскери қызметшілер бар. Механикаландырылған лекте 300-дің үстінде жауынгерлік және арнайы техника бірлігі сап түзеп жүріп өтеді. Олардың қатарында тарихи кезеңді көрсететін техника үлгілері де бар. Әуе шеруіне әр түрлі типтегі 66 ұшу аппараты қатысады.