Шымкентте кезекті рет "Таза бейсенбі" экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Бұл жолы Тұран ауданындағы Орманов пен Диваев көшелерінің қиылысында өтті. Онда жиналғандар көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын қоқыстан тазартып, 300 түп ағаш екті. Сонымен қатар, 250 метр ирригациялық арықтар мен 1000 метр жаяу жүргіншілер жолдары тазаланды. Оған қоса ауладағы ағаштардың түбін әктеп белсенделік танытты. Шараға жалпы саны 300-ден астам адам және 10-нан аса арнайы техника жұмылдырылды.
ӘСЕТУЛЛА ӘШІРІМБЕТ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Тазалық деген әрқайсымыздың, әрбір Қазақстан азаматының міндеті ол, айналасын таза ұстау, үйін таза ұстау, көшені таза ұстау, жұмыс орнын таза ұстау. Сондықтан тазалық біздің республикамызда бірінші орында тұрады деп мен өзім солай ойлаймын.
Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғындары да экоакцияға белсенді атсалысуда. Олар Тобыл өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты. Шараға 400 ден астам кәсіпорын, мемлекеттік мекемелер мен қалалық ұйымдардың өкілдері, "Жастар Рухы" жастар қанатының еріктілер, студенттер, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты.
ТОЛҚЫНАЙ ТӨРЕБАЕВА, ЕРІКТІ:
Бұл бүгін, ертең ғана жасалып қойлатын сенбіліктер қатарында емес.Жастарды, ерікті жастарды осылай қала тұрғындарын әрқашан сенбілікке шақыру.Шақырғаннан бөлек осы нәрсеге үйрету мақсатында әрқашан бұл сенбіліктерді ауа райы жылынған уақыттан бастап жүргіземіз.Және алдағы уақытта тоқтатпай жүргізуді жоспарлап отырмыз.