$504.34 €556.34 ₽5.97
×

Қазақстандық жас боксшы кәсіпқой бокстағы дебютін нокаутпен бастады

AstanaTV
06.04.2025ж. 07:30
133
Қазақстандық жас боксшы кәсіпқой бокстағы дебютін нокаутпен бастады
Фото: ҚР ҰОК/Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық жас боксшы Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астанада өткен бокс кешінде жартылай орта салмақтағы (69,9 келі) жерлесіміз чехиялық Йиржи Хаукемен (4-6, 2 КО) кездесті. Алты раундқа есептелген жекпе-жек үшінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды. Мұның алдында ол қарсыласын нокдаунға да жіберген.

Айқас барысында Төрехан тамаша техника көрсетіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Осылайша, Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін жеңіспен бастады. Ал Йиржи Хауке мансабындағы жетінші жеңілісіне ұшырады.