$518.57 €566.59 ₽6.05
×

Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын құттықтады

AstanaTV
06.04.2025ж. 00:52
596
Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын  құттықтады

Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының жоғары деңгейдегі шеберлігі мен табандылығы, туған жерімізде ел намысын абыроймен қорғауы баршамыз үшін зор мақтаныш екенін атап өтті.

Президент Жәнібектің бұдан да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы Анауэль Нгамиссенгені жеңді.

Battle of the Brave бокс кешінің басты жекпе-жегінде «Qazaq style» (16-0, 11 КО) франциялық Анауэль Нгамиссенгемен кездесті. (14-1, 9 КО)  

12-раундтқа созылған кездесуде Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын мерзімнен бұрын 5-раундта нокаутпен жеңді.

Қазақстандық боксшы IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеулерін қорғады.