Наурыздың 14-і Ресей президенті В. Путин Сириядағы әскерінің «негізгі бөлігін» шығаруды бұйырып, әлемді таңғалдырды. Бес ай бұрын Ресей әскері Сирияда әуе шабуылына кіріскен еді.
Бұл шешімнің астарына үңіліп, салмақты ақпарат құралдары сараптамалық материалдар жазып жатыр. Мысалы, «Азаттықтағы» материалда «Сириядағы әскердің «негізгі бөлігін» шығарған Путин «Ресейге проблема шығаратын ел емес, істің шешімін табуға көмектесетін ел ретінде қарауға жол ашылады және Кремль Қырымды басып алып, Украина шығысындағы сепаратистерді қолдады деп ЕО салған санкциялар шілде айында алынып тасталады» деп үміттенуі мүмкін. Мәселен, Италия мен Венгрия наурыздың 14-і күні «санкцияны автоматты түрде созуды қоюымыз керек» деп мәлімдеді»,- деген.
Мұның сыртында, Путин «ғаламдық және аймақтық мәселелерді шешу ісінде АҚШ-пен қатар отыру құқығына ие болдым» деп те сенуі мүмкін, өйткені ол қажет кезінде күш көрсете алатынын дәлелдеді.
Ресей әскерін толықтай шығаруды жоспарлап отырған жоқ. Путин Ресей әскери күштерінің Сирия соғысына дейін де Ресей флоты қолданып келген Жерорта теңізіндегі Тартус портында және Латакия провинциясындағы Хмеймим әуе базасында қала беретінін мәлімдеді.
Оппозициялық көзқарастағы ресейлік журналистер «Путиннің «қандай мақсатқа жеттік, қанша адамды өлтірдік, кімдерді өлтірдік, қанша адамнан айырылдық, не үшін бардық, не үшін қайттық?» деген көптеген сауалды жауапсыз қалдырғанын жазды.
Расул Жұмалы, саясаттанушы:
Мәскеудің алдына қойған мақсаты – Башар Асад билігін қолдау, екіншіден сол жердегі оппозицияны, діни оппозицияның көзін құрту және лаңкестікке күрес. Аталған мақсаттардың басым бөлігіне Ресей қол жеткізген жоқ. Терроризм сол қалпында өршіп тұр. «Ислам мемлекеті», «Джабхат ән Нусра» Сирияның еркін армиясы күресін әрі қарай үдетуде. Б.Асад елдің 20-30 пайызын билеп отыр. Яғни өзінің діттеген мақсатына жеткен жоқ. Екіншіден, халықаралық қысым. Мәскеуге жасап отырған. Санкциялар, түрлі айыптаулар, сыни мәлімдемелер. Сондықтан Мәскеудің бәтуаға келуіне итермелейді. Үшіншіден, әскери соғыс үлкен қаражаттарды қажет етеді. Сарапшыларды ойынша, Ресейдің Сириядағы соғысының бір күндік құны 20 млн доллар. Яғни жарты жылда 3,5 млрд доллардан артық қаржы жіберген. Ресейдің экономикалық жағдайы онша еместігі белгілі. Санкциялар құрсауында болғандығынан немесе мұнай бағасының төмендеуінен. Саяси амбицияларды экономикалық жағынан қамтамасыз ететін күші жоқ.
Сирияда 5 жыл бұрын басталған азаматтық соғыс, оған терроршылар кіріскенін қосыңыз, жантүршігерлік сандардың – 300 мың адам ажал құшты, миллиондар босып кетті, ұлғая беруі мүмкін екенін көрсетіп отыр. Онда от көсегендердің Сауд Арабиясы мен Түркия қандай күйде отырғаны тағы белгілі. -Бейбітшілік орнауы мүмкін, егер, Башар Асад биліктен кетсе,- дейді сарапшылар.
Расул Жұмалы, саясаттанушы:
Жарты жыл ма, бір жыл ма, Б.Асадтың биліктен тайдырылатыны анық. Жаңа күштердің келетіні анық. Мәселе соның ар жағында не болатыны. Сирияның бөлшектеніп кетпеуі немесе экстремистердің билігіне өтіп кетпеуі сияқты мәселелер. Бірақ қайтаталап айтамын, Ресей бұл мәселені шеше алған жоқ. 000353 Әлем экономикасындағы Ресейдің үлесі 1,5 пайыз ғана. Мұндай жағдайда Ресей өте бір мардымды түрде Сирияда бір нәтижеге қол жеткізе алады деген арманшыл нәрсе. Шын мәнінде бұл мәселені Сирияның өзі. Сирияның ішкі күштері. Көрші Араб елдері. Сосын Батыс мемлекеттері мен АҚШ.
Негізі, Сириядағы текетірестердің себебін Араб түбегінен Иордания, Сирия, Түркия арқылы Еуропаға мұнай тарту жобасынан іздейтіндер бар. Бұл жоба қатысушылардың бәрін тиімді болған. Бірақ Б.Асад жобаны қолдауды тоқтатады. Оның жеке басының саяси және діни ұстанымы экономикалық тиімді мәселені қайшылауға апарды. Ал халықтың наразылығын пайдаланған сырттан от көсеушілер, соғыс өртін тұтатты. Асадтың Сирия халқы алдындағы басты кінәсі осы. Ол өз елінің даму логикасына қарсы шықты.
Осы линияны
ұстанатындар, Сирия бойынша келіссөздер жемісті аяқталып, алдағы 2-3 жылда
Сирияда тұрақты өкімет қалыптасса, 10-12 жылда әлгі – Араб түбегінен Еуропаға
мұнай-газ құбырларын тарту жобасы іске асады, сонда Ресей мен Иранның мұнай мен
газы Батыс үшін маңызды болмай қалады, яғни мұнай-газ бағасының болашақта
қымбаттамайтыны анық,- дейді. Ал біз алатын сабақ «тұрақтылық сабағы» да емес,
мұнайға сүйенген экономиканы 10-12 жылда түбегейлі жаңарту керек. Мұнай тіреуіш
болмайды...