$504.34 €556.34 ₽5.97
×

Рудныйда шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады: зардап шеккендер бар

AstanaTV
06.04.2025ж. 13:47
176
Рудныйда шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады: зардап шеккендер бар
Фото: instagram.com/103kostanay

2025 жылдың 5 сәуірінде Рудный қаласында жедел жәрдем көлігі мен екі жеңіл автокөлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті. Бұл туралы Костанай облыстық жедел медициналық көмек станциясы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Оқиға Топорков көшесінде болған. Жедел жәрдемнің 103-бригадасы үшінші санаттағы шақыртуға бара жатқан. Олар бас жолмен қозғалып келе жатқанда, Chevrolet маркалы жеңіл көлік аула жақтан жоғары жылдамдықпен шығып, алдымен жедел жәрдем көлігіне, кейін Jacкөлігіне соғылған.

Апат салдарынан жедел жәрдем фельдшері түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар Chevrolet жүргізушісі мен оның жолаушысы да ауруханаға түскен.

Шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем бригадасының орнына басқа топ жіберілді.

Медицина қызметкерлері облыс тұрғындарын жолда барынша мұқият болуға шақырды:

«Құрметті тұрғындар! Көлік жүргізгенде мұқият әрі жауапты болыңыздар. Өміріңізге және айналаңыздағы адамдарға қауіп төндірмеңіздер. Жедел жәрдем қызметкерлері де – үйінде отбасылары күтіп отырған адамдар», – делінген хабарламада.