2025 жылғы сәуір айында 8 күн демалыс күні бар. Осы айда мереке күндері жоқ, сол себепті қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері ғана демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ресми мерекелер болмағанымен, сәуір айы еңбек ұжымдарында дәстүрлі түрде атап өтілетін кәсіби және символдық даталарға толы.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығына сәйкес, сәуірде мына күндер атап өтіледі:
- 6 сәуір (сәуірдің бірінші жексенбісі) — Геолог күні;
- 12 сәуір — Ғылым қызметкерлері күні;
- 15 сәуір — Ұлттық ғашықтар күні;
- 21 сәуір — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің күні.
Бұл даталар мереке емес, бірақ кейбір ұйымдарда арнайы іс-шаралар өтеді.