Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында биыл аудандық білім басқармасы жалпы сомасы 2,4 миллион теңге көлеміндегі 40 мұғалімге жол ақысын төлемегені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабының 2-тармағына сәйкес әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.
«Еңбек кодексінің 127-бабының 2-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларына сәйкес іссапарға жіберілген қызметкерлерге: іссапарда болған күнтізбелік күндері үшін, оның ішінде жолдағы уақыты үшін тәуліктік төлемдер,баратын жеріне дейінгі және керіқайтқандағы жол жүру шығыстары, тұрғын үй-жайды жалға алу шығыстары төленеді.
Прокуратураның ұсынуы бойынша жалпы сомасы 2,4 миллион теңге құрайтын жол ақысы төленді, кінәлі лауазымды тұлғатәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.