$504.34 €556.34 ₽5.97
×

Жезқазғанда криминалист оқушыларға дәріс оқыды

AstanaTV
07.04.2025ж. 12:39
96
Жезқазғанда криминалист оқушыларға дәріс оқыды

Жезқазғанда криминалист оқушыларға дәріс оқыды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жезқазған қаласы полиция басқармасының жедел криминалистика бөлімшесінің криминалисі Әли Еділ №3 жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушыларына өзінің кәсіби қызметі туралы қызықты дәріс оқыды. Кездесу барысында аға лейтенант Еділ Берікбайұлы оқушыларды криминалистік чемоданның құралдарымен таныстырып, оның қылмысты ашудағы маңызды рөлін түсіндірді. Жасөспірімдер криминалистика ғылымына деген зор қызығушылықтарын білдіріп, тәжірибелі криминалистке өздерін толғандырған көптеген сұрақтарды қойды.

– Криминалистика – бұл тек қана тергеу амалдарының жиынтығы емес, сонымен қатар қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің аса маңызды құрамдас бөлігі. Бүгінгі дәріс – болашақ полиция қызметкерлеріне өз тәжірибемді бөлісудің керемет мүмкіндігі, - деп атап өтті Еділ Берікбайұлы. Дәріс соңында оқушылар алған білімдерімен бөлісіп, болашақта құқық қорғау органдарында қызмет етуге деген қызығушылықтарын жасырмады.