$504.34 €556.34 ₽5.97
×

Елордада бір күнде кальян шегудің 15 дерегі анықталды

AstanaTV
07.04.2025ж. 13:53
217
Елордада бір күнде кальян шегудің 15 дерегі анықталды

Елордада бір күнде заңсыз кальян шегудің 15 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада учаскелік полиция инспекторлары түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті сақтау және заңсыз іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында ойын-сауық мекемелеріне рейд жүргізді. Іс-шара барысында Нұра ауданында полиция бір түнде 11 ойын-сауық мекемесін тексерді. Нәтижесінде кальян шегуге тыйым салынған орындарда заңсыз кальян пайдаланған 15 азамат анықталып, оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Рейдтің негізгі мақсаты – тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сай қоғамдық орындарда темекі және кальян өнімдерін пайдалануға жол бермеу. Елордада жылдың басынан бері қоғамдық орындарда кальян шегуге қатысты 1500-ге жуық құқық бұзушылық анықталды. Полиция азаматтарды қолданыстағы заң талаптарын сақтауға шақырады және мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.