$518.31 €567.96 ₽6.03
×

Алматыда электросамокат мінген бойжеткен жол апатынан көз жұмды

AstanaTV
07.04.2025ж. 16:39
79
Алматыда электросамокат мінген бойжеткен жол апатынан көз жұмды

Адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы Әбіш Кекілбаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыров көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ.

18 жастағы қыз бала ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Торайғыров көшесімен шығыс бағытта келе жатқан BYD көлігінің жүргізушісі Кекілбаев көшесінің қиылысында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Белгілі болғандай, бойжеткен Торайғыров көшесімен оңтүстік бағытта электросамокатпен жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан. Қыз бала жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілгенімен, өкінішке қарай алған жарақаттарынан қайтыс болды, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.