$518.31 €567.96 ₽6.03
×

Жапонияда жедел жәрдем тікұшағы теңізге құлады

AstanaTV
07.04.2025ж. 21:16
110
Жапонияда жедел жәрдем тікұшағы теңізге құлады

Цусима аралының маңындағы теңізден жапондық жедел жәрдем тікұшағы табылды. Бұл туралы KAZINFORM NHK телеарнасына сілтеме жасап  хабарлады.

Жапония жағалау күзеті хабарлағандай, бір күн алдын түсте ұшақ диспетчерлерімен байланыс үзілген. Ол кезде тікұшақ Цусима әуежайынан Фукуока префектурасындағы ауруханаға бара жатқан.

Жедел жәрдем шақырылған аурухана тікұшақ әуеге көтерілгеннен кейін он минуттан соң байланыс үзілгенін мәлімдеген.

Жағалау күзеті апаттың мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады. Кейінірек тергеуге Жапонияның көлік қауіпсіздігі кеңесінің тергеушілері қосылады деп күтілуде.