$518.31 €567.96 ₽6.03
×

Арқалықта блогер қамауға алынды

07.04.2025ж. 20:00
48
Арқалықта блогер қамауға алынды

Арқалықта блогер қамауға алынды.  Ол туралы облыстық полиция хабарлады. Қала тұрғыны зорлау және жыныстық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікке ілінген. Полиция мәліметіне жүгінсек,  зәбір көрген жандар күдіктіден  қарызға ақша алған көрінеді.Блогер қарызын қайтара алмағандарды жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген.Қарсылық білдіргендерге күш көрсетіп, зорлық жасаған.

КАРИНА БАЗАРБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Соттың санкциясы бойынша күдікті қамауға алынды.Қазіргі уақытта тергеп-тексеру әрекеттері жалғасуда, қажетті сараптамалар тағайындалды.Бірнеше рет қылмыс жасағаны үшін ер адам 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.