$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Павлодарда көпбалалы отбасы баласының жоғалып кеткенін білмеген

07.04.2025ж. 20:00
117
Павлодарда көпбалалы отбасы баласының жоғалып кеткенін білмеген

Павлодарда көпбалалы отбасы баласының жоғалып кеткенін білмеген. 5 жасар ұлдарын тек екінші күн өткенде ғана іздеген. Абырой болғанда, бала дін аман. Бүлдіршіннің адасып кеткенін білген адамдар оны полицияға тапсырған. Бала қайда тұратынын айта алмапты. Сол себепті тәртіп сақшылары бала табылған үйдің ауласынан ата-анасын іздеген. Алайда, ешкім баласының жоғалғаны туралы хабар бермеген. Сондықтан полиция 5 жастағы ұлды өңірлік Балаларды қолдау орталығына орналастырған. Баланың ата-анасы бүгін таңертең ғана шарқ ұрып іздеген.

АБДУРАУФ РАСУЛОВ, ЖОҒАЛҒАН БАЛАНЫҢ ӘКЕСІ:

Кеше мен жұмыста болдым. Үйге кеш келдім. Менің 8 балам бар. Олар далаға ойнауға топпен шығып, бірге келетін. Таңертең 9 шамасында оянып, балаларға қарасам, бір бала жоқ.  Бірден іздеуге кірістік. Көршілердің бірі телеграмда бір баланың ата-анасын іздеп жатқынын айтты. Содан дереу полицияға хабарластық. Баламызды тауып берді. Көп рахметімді айтамын.


Әкесі Абдурауф Расуловтың сөзінше, анасы үйде болған. Бірақ, үй шаруасымен жүріп байқамай қалғанын айтады. Ал балаларды далаға ойнатуға 13 жастағы үлкен ұлы ертіп шыққан екен. Алайда, балада  шалалығын жасап, кіші бауырын ұмытып кетсе керек. Бірақ, ата-анасын жауапгершіліктен құтқармайды.  Бұл отбасы жақында ғана Тәжікстаннан көшіп келген.  Қазақстан азаматы болып саналмайды.  Қаладағы пәтерлердің бірін жалдап тұрып жатыр. Полиция үйге тексеру жүргізді.

 ЖАННА БІЛӘЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеуде тиісті міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін ата-анасына жауапгершілікке тартылды. Ал ата-анасының тәртібі қалалық кәмелетке толмаған ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралатын болады.