$518.31 €567.96 ₽6.03
×

"Елімізде 1 млн-ға жуық жас жұмыссыз жүр", - Н. Сәрсенғалиев

"Елімізде 1 млн-ға жуық жас жұмыссыз жүр", - Н. Сәрсенғалиев

Елімізде 800 мың бос жұмыс орны бола тұра, бір млн-ға жуық жас жұмыссыз жүр. Бұл туралы "AMANAT" партиясының жанындағы Жастар кеңесінің кезекті отырысында айтылды. Жас мамандардың дайын тұрған жұмысқа бармауына жалақының тым аздығы әсер етуде. Депутат Нартай Сәрсенғалиев "елде жастар практикасы бойынша берілетін жалақы- 110 мың теңге, қымбатшылық қысқан заманда бұл қаражатқа ешкім жұмыс жасағысы келмейді" деді. Мәжілісмен өтірік статистиканы доғарып, жұмыссыз жастарға қолдау тетіктерін күшейтуді талап етті.

НАРТАЙ СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:


Мен Қазақстанда жұмысқа да, оқуға да мүлдем зауқы жоқ, жатыпішер жастар бар дегенге мүлде сенбеймін. Оларға жұмыс тауып бере алмай отырмыз деген ақпаратқа көбірек сенемін. Бұдан бөлек 408 мың жас өз-өзін жұмыспен қамтыған дейді. Бұл таксишілер, бұл бір күндік қызметте жүрген азаматтар. Бірақ бұларды да өз-өзін жұмыспен қамтыған азаматтар деп айта алмаймыз және оларды әлеуметтік тұрғыда толықтай қамсыздандырдық деп айта алмаймыз.