«IRM Clinic Astana» клиникасы ауқымды әлеуметтік жобаны қолға алды. Медициналық орталық 10 ерлі-зайыптыға ЭКО процедурасынан толығымен тегін өтуге мүмкіндік береді. Іріктеу екі айға созылады. Жаңа жоба эко-орталықтың 30 жылдық мерейтой қарсаңындағы игі бастама.
Жобаның алғашқы жүлдесін павлодарлық Қарашаш Әріпбаева ұтып алды. Тілсіз жаудың кесірінен екі баласынан айырылған ана соңғы 9 жылда қайта құрсақ көтере алмаған. Тегін медициналық көмек алатынын естіген ол көз жасын тыя алмады.
ҚАРАШАШ ӘРІПБАЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Тоғыз жылдың ішінде бәріне бардым. Емші бар ма, дәрігер бар ма? Біреуі нәтиже айтпады. Алланың берген сынағы шығар бұл да деп. Содан түнде отырып, таңға жақын үш жарымда келдім осында. Енді Құдай қаласа нәсіп болса, болып қалса ырзамын. Болса екен деп тілеп отырмын.
Отыз жылдың ішінде IRM клиникасы он мыңдаған отбасыға қуаныш сыйлаған. Енді тағы 10 жанұяның өз үйінде балаларының күлкісін естуге мүмкіндігі бар. Жобаға қатысуға ниеттілер «Аңсаған Сәби» мемлекеттік бағдарламасының критерийлеріне сәйкес, клиника дәрігерлерінің консультациясынан және іріктеуден өтуі керек. Іріктеу екі айға созылады.
ГҮЛНАР БЕКЕНОВА, «IRM CLINIC ASTANA» ҚРТ БӨЛІМІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:
ЭКО бағдарламасын және жүктілікті жоспарламас бұрын, әйел міндетті түрде тексеруден өту қажет. Мамандардан оның ЭКО және жүктілікке қарсы көрсетілімдері жоқ екендігі туралы қорытынды алуы керек. Жаңа жобаға ата-ана болу бақытын армандайтын кез келген қазақстандық отбасы қатыса алады.
Дәрігерлердің айтуынша, заманауи репродуктивті медицина ең қиын жағдайларда да көмектесе алады. Ең бастысы - дер кезінде кеңес алып, толық тексеруден өту керек.
ЛӘЗЗАТ АЙТҚОЖИНА, «IRM CLINIC» РЕПРОДУКТОЛОГ-ДӘРІГЕРІ:
Клиникада репродуктолог маманның кеңесі және акушер гинеколог маман яғни, жүкті пациенттерді 9 айға дейін жеткізе алады. Яғни, лопораскопиялық операциялар жасалынады. ЭКО программасының бүкіл әдістері қолданылады. Ол ЭКО, ИКСИ, ПИКСИ, ИМСИ және барлық гинетикалық тексерулер, ПГД дейміз ғой 46 хромосоманы тексеретін эмбрионды тексеруге болады. Гинетикалық талдаулар жасалынады.
Елордадағы жаңа орталық жасанды интеллект, генетикалық диагностика және медициналық көмектің әлемдік стандарттарын қолдану арқылы бедеулікті емдеудегі инновациялық тәсілдің көшбасшысына айналды.