Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ғылым апталығының ашылу салтанаты өтті. Биылғы шара ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Апталық аясында жас ғалымдарды қолдауға бағытталған 120-ға жуық іс-шара ұйымдастырылмақ. Соның бірі – жаңадан ашылған «Abai Labs» ғылыми-инновациялық паркі. Мұнда болашақ педагогтер заманауи зертханаларда жұмыс істеп, VR/AR технологияларын меңгеруге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған ғылыми стартаптар көрмесі, семинарлар, халықаралық конференциялар мен байқаулар, жоғары деңгейде көрініс таппақ.
БОЛАТ ТІЛЕП, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:
Осы «Abai Labs» орталығы аясында қазіргі таңда жаңа әлдегі 100-ден аса іс-шара оның ішінде біз негізгі акцентті жастардың жобаларына, жас ғалымдардың жобаларына оның ішінде студенттердің де жобалары бар. Стартаптар бар байқау. Робототехника бағытында үлкен байқау өтеді осы апталық аясында. Әрине оның барлығы жүлде қоры бар. Бұл ең бірінші біздің студенттерімізді осы ғылымға бет бұрған жастарымызға деп үлкен мотивация.