$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Астанада студенттер ақын, мәдениет қайраткері Бақытжан Тобаяқовпен кездесті

07.04.2025ж. 20:00
182
Астанада студенттер ақын, мәдениет қайраткері Бақытжан Тобаяқовпен кездесті

Студенттер ақын, мәдениет қайраткері Бақытжан Тобаяқовпен  кездесті.  Келелі жиында жастар ақынның   өлеңдерін оқып, шығармашылығына тоқталды. Бақытжан Тобаяқов - әдебиет айдынына желкенін жайған талантты ақындардың бірі. Әлихан Бөкейхан атындағы сыйлықтың лауреаты. Оның  50 ден астам әртүрлі жанрдағы кітаптары жарыққа шыққан.   Кездесуде ақын жастарға өз өлеңдерін  оқып, ескі естеліктерімен бөлісті. Айта кетейік, іс-шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылды.

БАҚЫТЖАН ТОБАЯҚОВ, АҚЫН, МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ:

Жеңістің 80 жылдығы дейді. Бірақ бізге Жеңіс оңай болған жоқ. Барлық сол кітабым, мүшел жасым бәрі тоғысып келіп жатыр, рахмет! Құтты болсын!