2 гол және 1 ассист. 16 жастағы Дастан Сәтпаев шоу жасап, "Қайратқа" жеңіс сыйлады. Жас шабуылшы Еуропаға аттануға лайық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Көршіміз Ресей Ұлттық Хоккей лигасындағы рекордты тойлап жатыр. Қуанышқа бүкіл әлем ортақтасты. Спорттағы жаңалықтармен әріптесім Айбек Салдатбек таныстырады, ал мен сіздермен қоштасам. Аман-сау болыңыздар!
Ар ма ағайын! Алматылық "Қайрат" "Атырауды" сырт алаңда 1-4 есебімен тізе бүктірді. Қонақтардың еншісіндегі 4 голдың 3-еуі Дастан Сәтпаевтың араласуымен соғылды. Дәлірек айтқанда жас сұрмерген 51 және 54 минутта дубль жасап, 71 минутта голдық пас берді. Жалпы 4 ойынның қорытындысы бойынша 10 ұпаймен Қайрат, Ақтөбе және Астана клубтары көш басында келеді.
Спорттағы жетістіктер жас талғамайды. 39-дан асқан Александр Овечкин - Уэйн Гретцкидің рекордын бұзды. Ресейлік шабуылшы Ұлттық Хоккей лигасында 895-шайбасын соқты. "Вашингтон Кэпиталс" ойыншылары капитанды құттықтап, сыраға жуындырды. Ал атағы дүркіреген хоккей лигасы рекорд орнатқан спортшының құрметіне орай логотипіне оның суретін қойды. Спорт жұлдыздары мен бай-бағландар, ақсүйек-басшыларға дейін спортшыға қошемет білдіріп жатыр. Айта кетейік, үздік нәтиже осыған дейін 894 шайба соққан канадалық Уэйн Гретцкиге тиесілі болған еді.
Мұрыннан тартты, содан төбелес басталды. Турция кубогында Фенербахче Галатасарайдан 1-2 есебімен жеңілді. Ойын біткен соң әйгілі Жозе Моуриньо Галатасарайдың бапкері Окан Буруктың мұрнынан ұстап алды. Окан бұл әрекеттен ауырсынып, алаңға құлады. Салдарынан қос команда арасында текетірес басталды. Кейін Түркия футбол федерациясы Жозу Моуриньоны 3 ойыннан шектеді.
Менде бар маңызды жаңалықтар легі осындай. Жақсылықта жүздескенше есен-сау болыңыздар!