$518.31 €567.96 ₽6.03
×

БҚО Казталов ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мемориалдық ескерткіш орнатылады

AstanaTV
07.04.2025ж. 20:00
134
БҚО Казталов ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мемориалдық ескерткіш орнатылады

Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мемориалдық ескерткіш орнатылады. Ерлікті дәріптеген игі іске үлес қосқан аудандағы мекемелер «Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі» атты фестиваль ұйымдастырды. Мерекелік концертте «Әлияның хаты», «Сапура әжей мен немересі» көріністері сахналанып, өнерпаздар «Мен Мәншүкпін» монологын, Абдрахман Асылбектің «Жеңіс жалауын» нақышына келтіре орындады. Мұндағы мақсат - сұрапыл соғыста жанын пида еткен ата-бабаларымыздың ерлігін дәріптеу. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қан майданда құрбан болған жауынгерлердің өшпес ерлігі мен ерен еңбегін ұрпақ жадында жаңғырту өте маңызды екенін атап өткен еді.

АЙДАНА МҰХАНБЕТОВА, КАЗТАЛОВ АУДАНЫ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі атты мекеме ұжымдары қызметкерлері арасындағы өнер фестивалінің үшінші бағдарламасы өтті. Енді сәуір айының аяғында барлық ұжымдардан ең үздік өнер көрсеткендерді таңдап алып, гала концерт өткізуді жоспарлап отырмыз.