Мемлекеттік қызметкерлерге Наурыз мерекесінен кейін жұмыс орнында бейне-фотокамерасы бар, интернетке қосылған смартфон, планшет ұстауға тыйым салынатыны туралы ақпарат тарасымен, журналистер мәселені жоғары шенділердің өзінен анықтап көрді. Бастысы, бас полицей растады. «Ішкі істер министрлігінің "Күзет" қызметімен қадағаланатын барлық мемлекеттік мекемелерде смартфон ұстауға тыйым салынады»,- деді Қалмұханбет Қасымов.
Мұндай шорт шешім қабылдауға соңғы
кездері қызметтік мәліметтердің WhatsApp сияқты
мессенджер, әлеуметтік желілер арқылы жалпақ жұртқа
тарап кетуі түрткі болған. Сақтық үшін істеліп жатқанын министр де жоққа
шығармады. Айтуынша, өзі он жылдан астам фото-бейне камерасы жоқ, қарапайым
телефонды қолданады. Жұртқа да солай істеуге кеңес берді.
Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер
министрі:
У нас многие вопросы секретные, они
недоступные, поэтому мы до этого решения на своих совещаниях практически новые
телефоны не использовали.
Ал бас энергетик, әрі бас мұнайшы
қалтасынан соңғы үлгідегі смартфонын суырып алып шықты – гаджетті жақсы
көретінін байқатып. Бірақ ортақ тәртіпке бағынуға әзір. Қиын екенін
жасырмағандар бар:
Владимир Школьник, ҚР Энергетика министрі:
Во всех цивилизованных странах я не могу пройти ни с каким телефоном ни в
какой госорган, в какую бы я страну ОЭСР не приехал.
Вы сможете в министерстве работать без того же смартфона или планшета?
Ерлан Сағадиев,
ҚР Білім және ғылым министрі:
Это будет трудно, но я не знаком с этим приказом.
Ал кезінде вице-министр болған Мұрат Әбенов бұл жаңалықты
сарказммен қабылдады. «Ақ жағалылар смартфонын сақтап қалу үшін,
қулық-сұмдықтарға баруы мүмкін»,-дейді. Тіпті Фейсбук әлеуметтік желісіндегі
парақшасында тыйым салынғаннан кейінгі жағдайды былайша суреттейді.
«...Шын мәнінде, тыйым салынғанмен, адамдар орындай қоймайды. Смартофонды
алып өтуге тырысады. Елестетіп көрсек, смартфонға қарсы арнайы полиция
дәліздерді аралап, қойын-қоншымызды тінтеді. Ал қызметкерлер екі ауыз хабарлама
жолдау үшін дәретханаға тығылады. Телефонды бәтеңке мен шұлықтарына жасырады.
Бұл ұят қой!»
Заңгер Сергей Уткин «тыйым салынса, мемлекеттік мекемелерге келіп кететін
қарапайым азаматтардың қажет кезінде өздерін қорғауларына қиын болмақ, әрі
шенеуніктердің ашық, адал жұмыс істеуіне кедергі келтіреді»,- дейді. Керісінше,
әр кабинетке камера орнатылып, жұмыс барысы ашық, жариялы болу керек:
Сергей Уткин, заңгер:
Мемлекеттік мекемеге келушілердің камерасы мен диктофоны қалтасында. Жақында
ғана маған бір клиентім келді. Министрдің орынбасарына жеке қабылдауға кіріп
шыққан. «Арадағы әңгімені телефондағы диктофонға жазып алдым. Міне, тыңдаңыз ол
не дегенін», деп жазбаны ұсынды. Енді оны интернетке жариялаймыз ба, әрі қарай
не істейміз, ақылдасып жүрміз. Міне, олар осыдан қорқады.
«Қоғамның білуінің қажеті жоқ, білуге тиісті емес» дейтін категорияға
жататын ақпарат, мәліметтің болатынын білеміз. Сондай-ақ, мемекеттік
қызметтегілердің әлеуметтік желілерде «жүзбей», түрлі сайттарды ақтармай,
алаңдамай, тікелей жұмыспен айналысулары міндет. Бұл жердегі мәселе заңгер Уткин айтып
отырғандай, мемлекеттік қызметтегілердің заңды белден басу, адамдарды мансұқ
ету, қорлау фактілерін смартфонға жазып, түсіріп алғанның арқасында ғана
дәлелдеуге болатыны. Содан қорыққаннан ғана айылын жиятындар бар. Айылын
жимайтындар да бар. Осы аптада ғана Оңтүстік Қазақстан облыстық ауруханасының
бас дәрігері деген адамның кабинетінде ауру туысқанының жағдайын білуге
келгендердің қалай боқтық естігендері жарияланды.
Телефонға түсірілген видеода әйел науқасқа
байланысты алаңдаушылық білдіреді. Бас дәрігер қолдан келгенді істеп
жатқандарын айтады. Әйелдің «Сіздің де жақындарыңыз бар шығар,
түсініңізші»,- деуі мұң екен, Мұқан Егізбаев, бас дәрігер, «мені оқытудың қажеті
жоқ»,-деп, айтуға ауыз бармайтын жаман сөздерді бұрқыратады. Комментарийді
қажет етпейтін біздің тіршіліктің бір көрінісі...