64 жастағы Италия азаматы Аджигирио Грацио Оралға интернет арқылы танысқан қызбен кездесуге келген. Алайда оны әуежайда қарсы аламын деген қыз келмеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ІІМ телеграм каналына сілтеме жасап.
Махаббатта жолы болмаған шетелдікті қалада кезекшілік жасап жүрген патрульдік полиция инспекторлары Руслан Мұқсанов пен Манарбек Сатқанқұлов байқап қалып, көмек қажет пе екенін сұраған.
Жағдайды білген полиция қызметкерлері оған қамқорлық танытып, қажетті көмекті көрсетті. Ер адам оларға алғысын білдіріп, алдағы күндері Италияға оралатынын айтты.