$521.67 €592.46 ₽6.32
×

Ер адам ұлын мандарин сатқаны үшін аңшы мылтығымен атып өлтірген

AstanaTV
08.04.2025ж. 10:06
198
Ер адам ұлын мандарин сатқаны үшін аңшы мылтығымен атып өлтірген

Әзербайжанның Астарин ауданында ер адам мандарин сатқаны үшін ұлын атып өлтірген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауыр қылмыстар бойынша Лянкаран сотында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деп айыпталған Матлаб Гулиевтің (аты-жөндері өзгертілген – ред.) қылмыстық ісін тергеу аяқталды.

Жергілікті pravda.az басылымы хабарлағандай, үкім судья Айшан Велиеваның төрағалығымен өткен отырыста жарияланды. Сот Матлаб Гулиевті 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Айыптау қорытындысына сәйкес, оқиға 2024 жылдың 20 қазанында сағат 18:00 шамасында Астарин ауданының Ваго ауылында болған. Айыпталушының ұлы, жәбірленуші Махир Гулиев әкесімен бірге үйінің ауласына отырғызған мандарин ағаштарының жемістерін рұқсатсыз жинап, сатқан. Осы негізде екеуінің арасында жанжал туындаған. Дау кезінде ер адам бір рет ұлының бетінен жұдырықпен ұрады, содан кейін үйден аңшы мылтығын алып, Махирді атып тастаған.

Оқиғадан кейін Матлаб Гулиев ұсталып, қамауға алынды.