$521.67 €592.46 ₽6.32
×

Атырауда бес ай бұрын жоғалып кеткен қыздың денесі әлі табылмады

AstanaTV
08.04.2025ж. 16:16
150
Атырауда бес ай бұрын жоғалып кеткен қыздың денесі әлі табылмады

Атырауда құтқарушылар былтыр қазанда жоғалып кеткен қыздың денесін наурыздан бастап қайтадан іздеп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІЗДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

20 наурыздан бастап 2001 жылы туған қызды іздестіру жұмыстары қайта басталған.

5 сәуірде іздестіру жұмыстарына Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінен 6 құтқарушы, 1 бірлік техника, 2 жүзу құралдары және Батыс-Қазақстан облысынан 6 құтқарушы, 1 техника, 2 жүзу құралдары қосылды.

Іздестіру жұмыстарына күнделікті 23 қызметкер, 5 техника, 7 жүзу құралдары жұмылдырылуда.

Ағымдағы жылғы 20 наурыздан бастап осы күнге дейін 138 сүңгуір жұмыстары жүргізіліп аумағы 21070 шаршы метр болатын су асты қаралды, сонымен қатар ұзындығы 3,4 шақырым болатын су түбін тралдау жұмыстары жүргізілді.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Айта кетейік, 2024 жылы 18 қазанда 24 жастағы Ана Легкодимова жоғалып кеткен.